«Ұстаздар – ұлы тұлғалар»

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, өмірлік бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2019 жылғы 4 қазан күні Федоров ауылшаруашылығы колледжінде  Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік іс-шара өтті. Өткізілген шараның мақсаты – мұғалімдер күніне орай  ұстаздар қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлап, құттықтау. Ұстаздар мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүрлі өзін-өзі басқару күні болды. Бұл күн – студенттердің асыға күтетін, өзін нағыз ұстаз ретінде сезінетін күні. Ұстаздардың орнын студенттері ауыстырды. Екінші курс студенттері директор қызметінен бастап, түрлі пәндерден сабақ берді. Ұстаздық жолдың қыр-сырлары мен қиындықтарын түсіну үшін осы күннің маңызы зор. Оқушылар мұғалімдеріне қарап бой түзеп, өз ісіне жауакершілікпен қарауды үйренеді.

Мерекелік көңіл-күйдің жалғасы ретінде колледж директоры Деряга Александр Николаевич оқу ордасының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Білім және ғылым саласында көп жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарды және колледж қызметкерлерін құрмет грамоталарымен марапаттады. Атап айтқанда: «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі және  Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының құрмет грамотасымен Құлмұхамбетова А.А., Пархоменко Е.Ф., Деряга О.А., Кривонос Н.Н., Пужанский В.В. марапатталды. Салтанатты шараның соңы колледждің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Концерт барысында студенттер өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді. Салатанатты іс-шара өз дәрежесінде өтті. Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Гүлнұр Тынынбаева

Федоров ауылшаруашылығы колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *