Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы қазан айында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қолған болатын. Әрине бұл күн ғасырлар бойы халқымыздың арман-мұратының орындалған күні.

         Қазіргі күнде латынға көшу ісіне үлкен дайындық жасалуда және көптеген шаралар өткізілуде. Осыған орай  Федоров ауылшаруашылығы колледжінде дөңгелек үстел өткізілді.  Аталмыш шараға ҚМУ профессоры  Жақып Қалқаман қатысып, өз ой-пікірін ортаға салды. Сонымен қатар жиынға колледждің белсенді студенттері мен оқытушылары шақырылды.

         Шара барысында Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ  тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. «Ел болашағы- жастар үшін осындай  іс-шараның маңызы зор. Заман талабына сай деңгейге жету үшін қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауыстырылуы қажеттілік екенін түсіндіру біздің мақсатымыз»- деп профессор атап өтті. Студенттер тарапынан латын қарпіне  байланысты сұрақтар қойылды.

Осылайша латын графикасына көшу туралы іс-шара өз мәресіне жетті.

Гүлнұр Тынынбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *