Үздік интернет-ресурс 2019

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік интернет-ресурстарының жұмыс тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату, педагогтар мен студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, сайттарды құру арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында, 2019 жылдың 6-29 қараша аралығында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Үздік интернет-ресурс» облыстық дистанциондық конкурсы өткізілді. Сайтты бағалау кезінде дизайнға, интерактивтілікке, ақпараттылыққа, инновациялыққа, безендіру сауаттылығына және толымдылыққа ерекше назар аударылды.

Конкурс қорытындысы бойынша келесі сайттар жүлдегер атанды:

I орын – “Федоров ауылшаруашылығы колледжі” КМҚК

II орын – “Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі” КМҚК

III орын – “Жітіқара политехникалық колледжі” КМҚК

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *